Батыс Қазақстанда аударылып қалған автобус жүргізушісі қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстанда аударылып қалған автобус жүргізушісі қамауға алынды © mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысында жол апатына түскен жолаушылар автобусының жүргізушісі қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында жол апатына түскен жолаушылар автобусының жүргізушісі қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл 9 сәуірде БҚО Сырым аудандық сотының тергеу судьясы Шымкент-Самара күре жолында жол-көлік оқиғасын жасаған автобус жүргізушісіне қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысындағы жол-көлік оқиғасы 6 сәуірде сағат 05.30-да Сырым ауданындағы Алғабас ауылына жақын маңда болды. Автобус Мәскеуге қарай кетіп бара жатқан. Салонда жүргізушімен қоса санағанда 64 адам болыпты. Куәгерлердің айтуынша, автобус көпірден Анқаты өзеніне құлаған. Автобус ішінде болған жолаушылардың көпшілігі Ресейге жұмыс істеу үшін бара жатқан Өзбекстан азаматтары.

Жол апатынан 4 адам қаза тапты. Дәрігерлердің мәліметінше, ауыр жарақат алған барлығы 23 адам ауруханаға жатқызылды. Кейін аударылған автобус жүргізушісінің жүргізуші куәлігі болмағаны және жол апаты кезінде уақытша куәлігі болғаны туралы ақпарат пайда болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети