Батыс Қазақстанда ауыл әкімі маскүнемдігі үшін жұмыстан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстанда ауыл әкімі маскүнемдігі үшін жұмыстан шығарылды ©Lapatilla.com

Батыс Қазақстан облысындағы ауылдық округінің әкімі ішімдікке құмар болғандықтан жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысындағы ауылдық округінің әкімі ішімдікке құмар болғандықтан жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның мемлекеттік қызметкерінің Ар-намыс кодексін бұзу дерегі бойынша, аудан прокуратурасы облыстық тәртіптік кеңеске Қуандық Рәшқалиевті тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі ұсынысты енгізді. Ұсынысты қарастыру қорытындысы бойынша, Бөкейорда аудандық әкімінің құзырымен Саралжын ауылдық округінің әкімі Рәшқалиев 2015 жылдың 19 наурызынан қызметінен босады", - делінген прокуратура хабарламасында. 

Еске сала кетейік, осыған дейін әдепсіз мінез-құлығы үшін ауылдық округтің басшысының үстінен жергілікті тұрғындар шағымданған болатын, олар кездесуде шенеунікпен ортақ тіл табыса алмады. Олардың айтуынша, әкім өз кабинетінде мас күйде болған және қабылдауға келген әйелге ұрысқан.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, бұл жағдай осы жылдың 5 ақпанында болған. Қабылдауына келген азаматшаға әкім бейәдеп сөз айтып, ұсақ бұзақылық көрсеткен. Сонымен қатар, бұрынғы әкімнің бұған дейін де осыған ұқсас құқықбұзушылықпен әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети