Батыс Қазақстанда тауда адасқан оқушылар мен мұғалімдер құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстанда тауда адасқан оқушылар мен мұғалімдер құтқарылды ©jvplaneta.ru

Батыс Қазақстан облысында оқушылар адасып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында оқушылар адасып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

Департаменттің мәліметінше, 12 қаңтар күні сағат 19.40 шамасында Сырым ауданындағы орта мектептің алты оқушысының алты мұғаліммен бірге Шыңғырлау ауданына шаңғымен туристік саяхатқа барғаны туралы ақпарат келіп түсті. Үш оқушы жолда Жосалы ауылында қалып қойған. 

Кейін олар қалған үш оқушы мен алты мұғалімнің Шыңғырлау ауданындағы Ақсуат және Новопетровка ауылдары аралығында адасып кеткенін ұялы телефонмен хабарлайды. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, шаңғышыларды іздеуге құтқарушылар, ішкі істер қызметкерлері мен Сырым және Шыңғырлау аудандарынан ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары аттанды. 

12 қаңтар күні сағат 23.05-те оқушылар мен мұғалімдер табылды, олар екі трактордың көмегімен Ақсуат ауылына, кейін Жымпиты ауылындағы үйлеріне жеткізілді. 13 қаңтар күні оқушылардың бәрі өз үйлерінде болды. Зардап шеккендер жоқ. Еске сала кетейік, 2014 жылы Ақтөбе облысында бір оқушының жоғалып кеткені хабарланған еді - бала қойдың ізіне қарап жол тапқан

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети