Батыс Қазақстанда жаппай уланған балалар шипажайға жіберіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстанда жаппай уланған балалар шипажайға жіберіледі "Ақжайық" шипажайы

Батыс Қазақстандағы Березовка елді мекенінде уланып қалған балалар шипажайға жіберіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Балалар 28 қараша күні жаппай уланған болатын. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстандағы Березовка елді мекенінде уланып қалған балалар шипажайға жіберіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Балалар 28 қараша күні жаппай уланған болатын. 

Березовка ауылындағы балалар Теректі ауданындағы "Ақжайық" шипажайында демалатын болады. "Бүгін таңертең шипажай алғашқы 20 адамды қабылдайды, олар - Березовка орта мектебінің 7-8 сынып оқушылары. Олармен бірге шипажайға мұғалімдер де орналастырылады. Балаларды сабақтан үзбеу үшін осылай жасалып отыр. Балалардың келесі партиясы шипажайға 12 желтоқсанда барады, олар - шамамен 70-80 адам. Сөйтіп, шипажайда барлығы Березовка орта мектебіндегі 170 оқушы демалатын болады", - деп хабарлады облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Сабыров. 

Еске сала кетейік, Березовка елді мекенінде балалар бірінен соң бірі жаппай талып қалған болатын. Олардың бәрінен бірдей ауру белгілері анықталды: бастың айналуы, құрысу, құсу. "28 қарашадан бүгінде дейін дәрігерлерге 91 адам көрінді, бұл - балалар мен ересектердің жалпы саны. Стационарлық емдеуде бес бала жатыр, олардың үшеуі - балалар ауруханасында, біреуі - орталық аудандық ауруханада. Бәрінің жағдайы тұрақты, балалар жазылып келеді", - деді денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы Гүлмира Сақуова.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети