07 ақпан 2019 | 15:50

Баянауылдағы қайғылы жағдай: Отбасынан айырылған қыздарға пәтер беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында қайтыс болған көпбалалы отбасындағы аман қалған екі қызға пәтер беріледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында қайтыс болған көпбалалы отбасындағы аман қалған екі қызға пәтер беріледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Баянауыл аудандық әкімдігінің өкілдері Павлодар облысында қайтыс болған отбасының үлкен қыздарына (17 және 18 жаста) жағдай жасалатынын айтты. Екеуі де Баянауылдағы колледже оқиды екен. Қыздар жатақханада тұрады. 

"Қайтыс болған Бекбатыровтар отбасында қалған екі қызға көмек ретінде Баянауыл аудандық әкімдігі Баянауыл ауылынан 24 пәтерлі үйден бір бөлмелі пәтер береді. Сонымен қатар, болған жағдайға байланысты жастар орталығы қыздарға көмектесу үшін қаражат жинау үшін есепшот ашты", - деді Баянауыл аудандық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің башсысы Нұрсұлтан Шайхин. 

Облыс әкімі Болат Бақауов қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 

"Бүгін біз үшін қайғылы күн. Баянауыл ауданындағы Ұзынбұлақ ауылында бір отбасы қайтыс болды. Бекбатыровтар отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Жерлеу рәсімі және жақындарына қолдау білдіру мақсатында барлық қажетті көмек көрсетілетін болады", - деді Бақауов. 

Облыс басшысы жергілікті тұрғындар арасында мұндай жағдай қайталанбауы үшін өрт қауіпсіздігі мәселесін түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. 

"Сондай-ақ, әлеуметтік қорғау қызметіне және депутаттық корпусқа әлеуметтік әлсіз тұрғындарға әсіресе көпбалалы отбасыларға қажетті көмек көрсетуді тапсырамын", - деді Бақауов. 

Еске салайық, Павлодар облысында жүкті әйел, оның азаматтық некедегі күйеуі және екі баласы иіс тиіп қаза тапқан еді. Жергілікті денсаулық басқармасы өкілдерінің хабарына қарағанда, бұл жайт 6 ақпанда кешкі сағат 9-да Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ аулында болған.

"1980 жылғы әйел қаза тапты, оның құрсағында жеті айлық бала болған. Ол 31 қаңтардан бері аудандық емханада тіркелген. Оның азаматтық некедегі күйеуі 1979 жылғы. Ол 5 ақпанда Осакаров ауылынан (Карағанды облысы) келген. Үйде 2004 және 2007 жылғы екі бала болған. Олар жылыту пешінің түтіннен уланған. Жедел жәрдем орынға келісімен төрт адамның қаза болғандығын растаған", - деді басқарманың баспасөз өкілдері.

Ведомство өкілдері қаза тапқан әйелдің екі баласы артында қалғанын айтты. Олар Баянауылда колледж студенттері екен. Қазіргі уақытта балалар Баянауыл әкімдік өкілдерінің қарауында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети