25 желтоқсан 2022 13:04

Байқоңырда 9 жастағы баланың өлімі тергеліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

"Байқоңыр" кешенінің прокуратурасы тоғыз жастағы баланың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.


"Байқоңыр" кешенінің прокуратурасы тоғыз жастағы баланың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.

"22 желтоқсанда сағат 14:40 шамасында бала "Орион" бассейнінде болғаны анықталды. Бассейнге баруға қарсы көрсетілім жоқ деген медициналық құжаттары бар бала кенеттен ауырып қалған. Оған бассейннің нұсқаушылары мен медицина қызметкерлері дереу көмек көрсеткен. Шақыруға келген жедел жәрдем қызметкерлері баланың қайтыс болғанын анықтады", - делінген хабарламада.

Өлімнің себебін анықтау үшін барлық қажетті зертханалық зерттеу, сот-медициналық сараптама тағайындалған. Сот-медициналық сарапшының алдын ала қорытындысына сәйкес, баланың өлімі жалпы аурудан болған.

"Байқоңыр" кешенінің прокуроры Александр Трифонов оқиға орнына барып, бассейн басшысына тексеру нысанасына қатысты барлық қажетті құжатты тез арада ұсынуды тапсырды.

Баланың өлімі дерегі бойынша Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің "Байқоңыр" кешені бойынша тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады, оның тергеуін прокурор қадағалап отыр.

"Сонымен қатар, кешеннің прокуратурасы "Бассейн "Орион" мемлекеттік бюджеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларының жүзу сабақтары кезінде кәмелетке толмағандарды қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асырудағы әрекетіне (әрекетсіздігіне) баға беретін тексеру ұйымдастырады және ол жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған адамды тиісті медициналық тексеруден өткізу бойынша медицина қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) және жүзу сабақтарына жіберу үшін медициналық анықтама берудің заңдылығына баға беріледі", - деді прокуратура.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети