27 желтоқсан 2019 | 12:31

Bek Air әуекомпаниясы мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Bek Air компаниясы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz әуекомпанияның сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Bek Air компаниясы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz әуекомпанияның сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті қазақстандықтар! Қайғылы жағдайға байланысты Bek Air компаниясы атынан көңіл айтамыз. Қазіргі уақытта біз оқиға орнында жұмыс істеп жатқандардан ресми мәлімет күтіп отырмыз. Сіздерден аноним хабарламаларға назар аудармауларыңызды сұраймын, себебі олар алаяқтық мақсатта таралуы мүмкін. Өтініш, ресми ақпарат күтіңіздер", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұған дейін қаза тапқандар саны 15 екені хабарланып, 7 адамның кім екені белгілі болған еді. 

Еске салайық, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын. 

Артынша ІІМ ТЖК қаза тапқандар саны артқанын мәлім еткен. Апат салдарынан тоғыз адам қаза болған. Ұшақ апатынан зардап шеккендердің тізімі жарияланған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная