Bek Air ұшағы апаты: Екінші ұшқыш қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bek Air ұшағы апаты: Екінші ұшқыш қайтыс болды Bek Air әуекомпаниясының апатқа ұшыраған ұшағының екінші пилоты Мейіржан Молдақұлов

Bek Air әуекомпаниясының апатқа ұшыраған ұшағының екінші пилоты қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bek Air әуекомпаниясының апатқа ұшыраған ұшағының екінші пилоты қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, ер адам екі сағат бұрын үйінде қайтыс болған. Ауруханадан таяуда шығарылған. Алайда мән-жайы айтылмай отыр.

Еске салайық, 5 қаңтарда екінші пилоттың ес жиғаны және жансақтау бөлімінен профиль бөліміне ауыстырылғаны хабарланған.

Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған. Лайнер Алматы әуежайына жақын жерде үйге соғылған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Апат салдарынан жалпы 13 адам қаза тапты. Оның ішінде әуе кемесінің командирі Марат Мұратбаев оқиға орнында қаза тапқан. Ал екінші пилоттың аты-жөні Мейіржан Молдақұлов. Ол 1965 жылы 4 мамырда дүниеге келген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети