Bek Air ұшағы апатын тергеу: Қазақстан Африкадан көмек сұрады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото. Әлеуметтік желіден Фото. Әлеуметтік желіден

Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты соталды тергеу әлі аяқталған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты соталды тергеу әлі аяқталған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Бүгінде ұшақ апатына қатысты тергеуді Ішкі істер министрлігінің Көліктегі департаменті жүргізіп жатыр.

"Қазіргі уақытта Африкадағы: Сомали, Джибути, Эфиопия және Конго елдеріндегі шет мемлекеттерге құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тапсырмаларға жауап күтіліп отыр. Халықаралық ұйымдарға жәрдемдесу құқықтық көмек сұрау салу шеңберінде көрсетіледі", - деп хабарлады министрлік өкілдері Tengrinews.kz ресми сауалына жауап ретінде.

Министрлік Қазақстан неге Африка елдерінен тергеуге көмек сұрағанын нақтыламады. Fokker 100 ұшағын дәл осы аттас голландиялық ұшақ өндірушісі шығарған. Ал Bek Air әуекомпаниясының иелігіне алынғанға дейін бұл ұшақтарды португал әуекомпаниясы басқарған. Редакция осы мәселе бойынша пікір алу үшін мемлекеттік органдарға жүгінді.

Bek Air ұшағы 2019 жылдың 27 желтоқсанында апатқа ұшырады. Билік бастапқыда тергеу бір жылдан аса уақыт алуы мүмкін екені айтылған, бірақ төрт жыл өтсе де әлі аяқталмады. Осы уақыт ішінде әлемде коронавирус пандемиясы басталып, аяқталды, Қазақстанда парламент және президент сайлауы өтті.

Тергеудің ұзаққа созылуы, Ішкі істер министрлігі мәліметінше, "тергеудің ерекшелігі мен күрделілігіне, атап айтқанда, құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тапсырмаларға жауаптарды күтуге және іс бойынша сот сараптамаларын тағайындауға" байланысты. Қарапайым тілмен айтқанда, Қазақстан Африка елдерінен жауап күтіп отыр, олардың көмегінсіз тергеуді аяқтау мүмкін емес.

"Іс бойынша процессуалдық шешімді қадағалаушы прокурормен келісе отырып, халықаралық тапсырмаларды орындау және сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша үш сатылы тергеу моделі шеңберінде қабылдау жоспарланған", - деп толықтырды министрлік.

Олар ұшақтың апатқа ұшырау себебін арнайы комиссия әуеге көтерілу кезеңінде қанаттың жүк көтергіштік қасиетінің асимметриялық жоғалуы деп атағанын, ең алдымен жердегі мұз қатуының әсерінен болғанын еске салды.

"Соталды тергеп-тексеру жол-көлік оқиғасының барлық себептерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының толық кешенін жүргізіп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Соталды тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілуге ​​жатпайды.

Еске салайық, 2019 жылы 27 желтоқсанда Алматыдан елордаға шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro