Белгісіз ер адам Орал орталығындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгісіз ер адам Орал орталығындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен © uralskweek.kz

Орал қаласының орталығында орналасқан көпқабатты үйден ер адам секіріп кетті, - деп хабарлайды "Уральская неделя".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал қаласының орталығында орналасқан көпқабатты үйден ер адам секіріп кетті, - деп хабарлайды "Уральская неделя".

Басылымның хабарлауынша, қайғылы оқиға сағат 09.00-де Достық көшесіндегі 14 қабатты үйде болған. Ер адам 12-қабатқа көтеріліп, төмен қарай құлап кеткен. Ол өзінің аяқ киімін шешіп кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, қайтыс болған адамның жасы 60-та. Оның аты-жөнін қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтап жатыр. 

"Біз дәлізге шықтық. Мен сантехникті шығарып салып жатқанымда, ер адамның төмен қарай құлап бара жатқанын байқадым", - дейді үйдің тұрғыны Валентина Слугин.

 Басқа бір тұрғынның айтуынша, бұл үйден адамдарды жиі лақтырып жібереді екен.


© uralskweek.kz

"Мен жұмысқа ПИК (пәтер иелерінің кооперативі) сағат тоғызда келдім. Сөмкемді қоя бергенімде, ПИК-ке әйел адам кіріп келіп, көшеде адамның мәйіті жатқанын айтты. Мен терезеден қарап, сыртқа шығуға қорықтым", - дейді ПИК қызметкері Жұмабике Мутешова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети