Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Белгісіз біреу Париж маңындағы поштада адамдарды кепілге алды

16 Қаңтар 2015, 19:08
0

Белгісіз біреу Париж маңындағы поштада адамдарды кепілге алды, - деп хабарлайды BFMTV. Оқиғаның Париж шетіндегі Коломб қалашығында болып жатқаны хабарланды.

БАҚ-тардың мәліметінше белгісіз біреу үш адамды кепілген алды. Қазіргі уақытта телеарна ер адамның лаңкес емес екенін, бірақ қаруланғанын хабарлап жатыр. РИА Новости порталы жергілікті редиостанцияға сілтеме жасап, күдіктінің қолында автомат пен тапанша барын және бірнеше гранатасы бар екенін жазады. Қазірде құқық қорғау органдарының қызметкерлері пошта бөлімшесін қоршап алды, тікұшақтар ұшып жүр.

Еске сала кетейік, бұл Францияда 17 адамның өмірін қиған лаңкестіктен екі апта өткеннен кейін болып жатыр. 7 қаңтар күні Парижде белгісіз біреулер Charlie Hebdo сатира журналының редакциясына оқ жаудырды, салдарынан 12 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жараланды. 8 қаңтарда француз астанасының шетінде орналасқан Монружда ер адам автоматты қарумен полиция қызметкері мен жол қызметі агентін атып тастады. Әйел қаза тапты, ер адам ауыр жағдайда аурухағана жеткізілді. 7 қаңтарда шабуыл жасаған ер адам екі бірдей Калашников автоматымен Париждің Венсенкий қақпасы маңындағы супермаркетке басып кіріп, оқ атып, адамдарды кепілге алды. Арнайы қызметтер дүкенге шабуылдап, қылмыскер оқиға орнында өлтіріледі. Адамдарды кепілге алу кезінде 4 адам қаза тапты. Шабуылдаған ер адам 32 жастағы Амеди Кулибали болып шықты. Ол - ағайынды Куашилердің танысы. Charlie Hebdо редакициясына шабуылдаған ағайынды Саид пен Шериф Куашилер 9 қаңтарда Даммартен-ан-Гоэль қалашығында өлтірілді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай