24 қараша 2020 17:57

Белгісіз біреулер Екібастұз маңындағы көлде аққуларды атып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Белгісіз біреулер Екібастұз маңындағы көлде аққуларды атып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгісіз біреулер Екібастұз маңындағы көлде аққуларды атып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы жергілікті тұрғындар Instagram желісінде жазды. Өткен жазда Ащыкөл көлінде екі ересек аққу мен сегіз жас құс пайда болған.

Куәгерлердің айтуынша, күздің басында құстардың саны азая бастаған.

Атылған құсты Ащыкөл су қоймасын жалға алатын қалалық кәсіпорындардың бірінің күзетшісі тапқан. Түнде ер адам дыбыстарды естіген соң жағалау аумағын аралап, мұз үстінде жатқан аққуды көрген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЭкибастуДэй (@ekibas_today)

"Жараланған қанатына қарамастан, құс көлде екі сағат бойы жүрген. Күзетші оны ұстап алып, бізге автобазаға алып келді. 1-2 күннен кейін  жергілікті тұрғындардың бірі аққуды үйінде уақытша ұстады", - дейді Леонид Морозов есімді тұрғын. 

Қазіргі уақытта полицейлер аққуларды кімдердің және не үшін атып кеткенін анықтап жатыр.

"Бұл дерек Екібастұз қаласының полиция басқармасында тіркелді. Полиция аққуларды заңсыз аулау фактісіне қатысы бар адамдарды анықтау бойынша іс - шараларды бастады", - деді полиция департаментіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети