23 шілде 2020 | 12:25

Белгісіз біреулер түркістандықтың ауласына тас лақтырып, 3 адам ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Түркістан облысында учаскелік полиция инспекторының жедел-әрекеті арқасында бұзақылық тоқтатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында учаскелік полиция инспекторының жедел-әрекеті арқасында бұзақылық тоқтатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылында ер адам мен ауылдасының арасында түсінбеушілік болып, соңы бұзақылыққа ұласқан. Яғни жәбірленушінің үйіне бірнеше автокөлікпен белгісіз тұлғалар келіп, оның үйі мен көршілерінің ауласына қарай тас лақтырған. Нәтижесінде жәбірленушінің 3 туысы жарақат алып, ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген болатын.

Аталған ақпаратты алысымен оқиға орнына алғашқылардың бірі болып, осы аймаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторы Нұрлан Құралбаев жеткен. Ол ауыл тұрғындары арасындағы түсінбеушілікті тоқтатқан. Тұрғындардың қару қолдануына жол бермеген. Осылайша учаскелік полиция инспекторының жедел әрекет етіп, дұрыс жұмыс жүргізгенінің арқасында дау-дамай, бұзақылық тоқтап, адам шығыны болмаған. Алайда, өз қызметін атқару барысында полицей күдіктілер атқан тастан жарақат алып, ауруханаға жеткізілген және оған медициналық көмек көрсетілген.

Түркістан облысы полиция департаменті басшылығынан құрылған жедел-тергеу тобы сол тәулік ішінде осы бұзақылыққа қатысы бар 4 тұрғынды анықтады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети