22 желтоқсан 2015 14:55

Белгісіздер Ақтөбеде ұлттық компанияның атына жазылған қымбат көлікті айдап әкеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© drom.ru © drom.ru

Белгісіздер Ақтөбеде ұлттық компанияның атына жазылған қымбат көлікті айдап әкеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәліметті Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері растады.


Белгісіздер Ақтөбеде ұлттық компанияның атына жазылған қымбат көлікті айдап әкеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәліметті Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері растады.

Оқиға Ақтөбеде 22 желтоқсанға қараған түні болған. Бөгенбай көшесінің бойындағы аулалардың бірінде 2008 жылы шығарылған қара түсті Toyota Land Cruise-200 маркалы автомобильді белгісіздер айдап әкеткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне құқық қорғау органдарының қызметкерлері хабарлады.  

Көліктің мемлекеттік номері - 080 RK04. Полицейлердің айтуынша, қылмыскерлер көлікті жасанды кілтпен ашып алған. "Бүгінде полиция барлық қажетті шараларды жүргізіп жатыр, автомобильдің жоғалуы дерегі бойынша іздестіру шаралары басталды", - деп хабарлады құқыққорғаушылар. 

Ал осы уақытта автомобильдің кімдікі екені анықталды. Көлік "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰК АҚ иелігінде екен. Ұлттық компаниядағы дереккөздің мәліметінше, "Ақтөбе" ӘКК жаңа басшысы Қайрат Бекеновтың Бөгенбай батыр көшесіндегі №22 үйде тұратын жүргізушісі көлікті түнде аулада қалдырған. Аула территориясында күзеттің барына қарамастан, көлік таңға жуық ұрланған. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети