Айтжан Өтешов. КТК телеарнасы кадрынан алынды
Бергей Рысқалиев ісі бойынша куәлік етуші өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған Tengrinews.kz. "Атырау Ақпарат" медиа-холдингінің бас есепшісі Айтжан Өтешов асылып, көз жұмды. Кейбір дерек көздері мәліметіне қарағанда, ол Бергей Рысқалиев ісі бойынша куәгер ретінде тартылған. Әзірге Айтжан Өтешовтің өз-өзіне қол салу себебі анықталған жоқ. Алайда оның холдингтің ірі қарызына тығыз байланысы бар көрінеді. Бергей Рысқалиев әкім боп тұрған кезде "Атырау Ақпарат" салық органына 53 миллион теңге қарыз боп қалады, міне осы соманы өтеу Өтешовке міндеттелген көрінеді. Телеарна таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл холдинг бастапқыда жергілікті БАҚ-қа арналған бюджет ақшасына құрылған, бірақ 2010 жылы оны біреулер жекешелендіріп алыпты. Сондықтан холдинг құрамындағы редакциялар ол жақта кеңсе жалдап тұрған. Бергей Рысқалиев маңында дау-дамай туындай бастағанда оны мемлекет иелегіне қайтарып берген. Айыптылар арасында Айтжан Өтешов болмаған, сондықтан ол бұл іске куәгер ретінде тартылған деп болжанады. Бергей Рысқалиев сыбайлас-жемқорлық және экономикалық қылмыс жасады деп айыпталады, мемлекетке жалпы сомасы 71 миллиард теңге көлемінде шығын әкелген. Қаржы полициясы оның 23,6 миллиард теңгесін ел қазынасына қайтара алды. Тергеу мәліметтері бойынша, экс-әкімнің ұйымдасқан қылмыстық тобы құрамына 30 адам енеді.Оның 23-інің үстінен қылмыстық іс қозғалған, қаңтарда сот процестері де басталып кетті, 22 адам жауапқа тартылып жатыр. Бергей Рысқалиевтің өзіне, оның ағасы, экс-депутат Аманжан Рысқалиға және оның тоғыз сыбайласына халықаралық іздеу жарияланған. Қылмыстық іс 777 томнан тұрады. Аталған іс бойынша шамамен 400 куәгерден куәлік алынады деп жоспарланған, ал айыптау қорытындыларының өзі 52 томды құрайды екен.
Бергей Рысқалиев ісі бойынша куәлік етуші өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған Tengrinews.kz.
"Атырау Ақпарат" медиа-холдингінің бас есепшісі Айтжан Өтешов асылып, көз жұмды. Кейбір дерек көздері мәліметіне қарағанда, ол Бергей Рысқалиев ісі бойынша куәгер ретінде тартылған.
Әзірге Айтжан Өтешовтің өз-өзіне қол салу себебі анықталған жоқ. Алайда оның холдингтің ірі қарызына тығыз байланысы бар көрінеді. Бергей Рысқалиев әкім боп тұрған кезде "Атырау Ақпарат" салық органына 53 миллион теңге қарыз боп қалады, міне осы соманы өтеу Өтешовке міндеттелген көрінеді.
Телеарна таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл холдинг бастапқыда жергілікті БАҚ-қа арналған бюджет ақшасына құрылған, бірақ 2010 жылы оны біреулер жекешелендіріп алыпты. Сондықтан холдинг құрамындағы редакциялар ол жақта кеңсе жалдап тұрған. Бергей Рысқалиев маңында дау-дамай туындай бастағанда оны мемлекет иелегіне қайтарып берген. Айыптылар арасында Айтжан Өтешов болмаған, сондықтан ол бұл іске куәгер ретінде тартылған деп болжанады.
Бергей Рысқалиев сыбайлас-жемқорлық және экономикалық қылмыс жасады деп айыпталады, мемлекетке жалпы сомасы 71 миллиард теңге көлемінде шығын әкелген. Қаржы полициясы оның 23,6 миллиард теңгесін ел қазынасына қайтара алды. Тергеу мәліметтері бойынша, экс-әкімнің ұйымдасқан қылмыстық тобы құрамына 30 адам енеді.Оның 23-інің үстінен қылмыстық іс қозғалған, қаңтарда сот процестері де басталып кетті, 22 адам жауапқа тартылып жатыр. Бергей Рысқалиевтің өзіне, оның ағасы, экс-депутат Аманжан Рысқалиға және оның тоғыз сыбайласына халықаралық іздеу жарияланған.
Қылмыстық іс 777 томнан тұрады. Аталған іс бойынша шамамен 400 куәгерден куәлік алынады деп жоспарланған, ал айыптау қорытындыларының өзі 52 томды құрайды екен.