Алматының Алатау аудандық сотының бұрынғы судьясы Өмірзақ Серімов ауыр зардапқа әкелген жалған шешім шығарды және қызметтік бабын асыра пайдаланған деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2012 жылы судья шешім шығарғаннан кейін бес баланың анасы Светлана Тұрғанбаева өзін өртеген болатын.
Алматының Алатау аудандық сотының бұрынғы судьясы Өмірзақ Серімов ауыр зардапқа әкелген жалған шешім шығарды және қызметтік бабын асыра пайдаланған деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2012 жылы судья шешім шығарғаннан кейін бес баланың анасы Светлана Тұрғанбаева өзін өртеген болатын.
"Алдын ала тыңдау адвокаттың келмеуіне байланысты кейінге қалды. Өмірзақ Серімов ҚР ҚК-нің 1997 жылғы редакциясындағы 307-баптың 4-тарауы және 350-баптың 2-бабы бойынша айыпталып отыр", - деп жауап берді Алматының Соттар әкімшілігінің ақпаратпен қамсыздандыру бөлімінің жетекшісі Диас Махамбетов Tengrinews.kz сауалхатына.
Айып актісі бойынша, Өмірзақ Серімовке 2009 жылы заң жүзінде некеде барын анықтау туралы іс келіп түскен. Әйел адам бірнеше жыл азаматтық некеде болған ер адам көз жұмғаннан кейін үйді мұрагерлікке алғысы келген. Судья некені заңды деп таныған.
Марқұмның інісі болған жайтты білгеннен кейін 2010 жылы Алатау аудандық сотына шешімді жоққа шығару туралы өтініш берген. Ол өзінің жалғыз мұрагер екенін айтқан. Бірақ оның өтініші қабылданбады да, әйел адам үйді өз атына аударды. Кейін ол әйел үйді бес баланың анасы Светлана Тұрғанбаеваға 4,4 миллион теңгеге сатқан.
Кейін судья неке туралы шешімін жоққа шығарған. Осылайша, әйелдің мұрагерлігі және үйді сатып алған Тұрғанбаеваның келісімі жоққа шығарылған. Сот Светлана Тұрғанбаеваны үйден шығару туралы шешім шығарады.
"2012 жылдың 24 мамырында Тұрғанбаеваны үйден шығару туралы шешімді орындау кезінде әйел өзін өртеу актісін жасады, соның салдарынан 2012 жылдың 29 мамырында әйел көз жұмды", - делінген айып актісінде.
2013 жылдың 3 маусымында марқұм әйелдің балалары Алатау ауданының бұрынғы судьясы Өмірзақ Серімовті жазалауды сұраған.
© Роза Есенқұлова
Сол кезде "Әділдік үшін" қозғалысының мүшелері және марқұмның балалары істі бүге-шігесіне дейін тексеруді сұрап, акция ұйымдастырған болатын.