Бесіктен бір жыл шығарылмаған бала сал ауруына шалдыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бесіктен бір жыл шығарылмаған бала сал ауруына шалдыққан Ақнұр. ©lada.kz

Ақтауда бір жылға жуық уақыт бесікке таңылған балаға "балалар церебраль параличінің жеңіл формасы" деген диагноз қойылды, - деп хабарлайды Lada.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда бір жылға жуық уақыт бесікке таңылған балаға "балалар церебраль параличінің жеңіл формасы" деген диагноз қойылды, - деп хабарлайды Lada.kz

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының невропатолог дәрігері Мария Алдабергенованың хабарлауынша, баланың ағзасынан күміс түсті стафилококк та табылды. Дәрігердің айтуынша, күтім көрсетілмегендіктен баланың денсаулығы одан сайын нашарлаған. 

Ақтау полициясы балаға қатігездікпен қарау дерегі бойынша анықталмаған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Мұнайлы ауданы "жедел жәрдемінің" дәрігері Қамыш Хасанов баланың ата-анасымен бірге, уақытында дабыл қақпаған дәрігерлерді де жауапкершілікке тарту керектігін айтты. Дәрігер бала жағдайдың құрбаны болды деп есептейді. "Дәрігерлер үндемейді. Бәрі жұмыс орнынан айырылып қалудан қорқады. Ақнұрға қатысты жағдай да осының салдарынан болуы мүмкін, сол себепті бәрі оны "байқамауға" тырысқан", - деді Хасанов.

Дәрігердің айтуынша, бесікке таңылған баланың жағдайы мәлім болғаннан кейін оған көңіл бөлініп, тиісінше оның жағдайы да жақсара бастады. "Көбінің үйінде бес баладан бар, ал үйде қызуды өлшейтін құрал жоқ. Біз келген кезде жүгіріп, дәрі-дәрмек іздей бастайды", - дейді дәрігер.

Еске сала кетейік, Ақтаудағы бір жасар сәби 31 тамыз күні ауруханаға түскен болатын. Ол қатты ашыққан, бұлшықеттері қисая біткен, құйрығының асты іріңдеп, құрттаған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети