Бестеректегі қайғылы оқиға: балалардың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бестеректегі қайғылы оқиға: балалардың өліміне қатысты тергеу аяқталды 24.kz кадры

Абай облысындағы Бестерек ауылында болған қайғылы жағдайға қатысты тергеу барысы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысындағы Бестерек ауылында болған қайғылы жағдайға қатысты тергеу барысы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

Еске салайық, биыл тамызда аулада айнап жүрген балалар тобына автокөлік соғып, екі бала оқиға орнында, тағы біреуі ауруханаға барар жолда қаза болды. Одан бөлек, үш бала түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен. Кейін қыркүйектің аяғында тағы бір бала есін жимастан көз жұмғаны белгілі болды.

Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі ІІМ мен Абай облысының Полиция департаментінен тергеудің қалай жүріп жатқанын және іс бойынша бап өзгерген-өзгермегенін сұрады.

ІІМ жауабы

ІІМ ресми жауабында Абай облысы Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

Абай облысының Анықтау басқармасы тергеудің 2025 жылғы 4 қарашада аяқталғанын және іс прокуратураға жолданғанын нақтылады.

"ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, соталды тергеудің өзге деректері жарияланбайды. Олар тек прокурордың рұқсатымен және тергеу мүдделеріне қайшы келмейтін жағдайда ғана белгілі бір көлемде жариялануы мүмкін", - делінген департаменттің ресми жауабында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети