Биллклинтон Осипов Алматыда учаскелік полиция қызметкері болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биллклинтон Осипов Алматыда учаскелік полиция қызметкері болды Фото: әлеуметтік желілерден

Алматыда Биллклинтон Осипов есімді ер адам тұрады. Ол полицияда жұмыс істейді. Tengrinews.kz тілшісі АҚШ-тың бұрынғы президентімен аттас алматылықты тапты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Биллклинтон Осипов есімді ер адам тұрады. Ол полицияда жұмыс істейді. Tengrinews.kz тілшісі АҚШ-тың бұрынғы президентімен аттас алматылықты тапты.

Биллклинтон Осипов - Оңтүстік Қазақстанның тумасы. 1996 жылы туған. Мұндай ерекше есімді оған ата-анасы қойған. Сол кезде АҚШ-тың 42-президенті танымал болған.

"Адамдар үнемі аты-жөнім шын ба, өтірік пе деп сұрайды. Төлқұжат бойынша есімім осындай әрі өзіме ұнайды. Бала кезімде ыңғайсыз болатын, бірақ қазір ондай жоқ, бәрі жақсы", - дейді ер адам.

Биллклинтон Серікұлының айтуынша, есімін өзгерту деген ой ешқашан болған емес.

"Отбасым мен достарым мені жай ғана Билл деп атайды", - деп қосты ол.

Бұған дейін БАҚ-та ол туралы жазылған болатын. Ұлының есімін анасы қойған. "Мен ұлымның әдемі және дені сау болып өскенін қаладым. Сол уақытта теледидардан Билл Клинтонды көрдім", - дейді анасы Қабила Осипова.

Ол саксофонда ойнағысы келгенін айтты. Бірақ жігіт өзін құқық қорғау органдарындағы қызметке арнауды шешкен. Ол үйленген, учаскелік инспектор болып жұмыс істейді. Бұған дейін ол банкте біраз уақыт жұмыс істеген.

"Негізінен, әкімшілік құқықбұзушылық, қоғамдық тәртіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерімен жұмыс істейміз. Маған полицияда жұмыс істеген ұнайды", - деп түйіндеді Биллклинтон Осипов.

Оның айтуынша, мүмкіндік туса, АҚШ-тың бұрынғы президенті, нағыз Билл Клинтонмен жеке кездесуге қарсы емес.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети