"Бізді мұның өзі түршіктірді" - Дәрігерлер анасы пышақтаған қыздың жағдайы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бізді мұның өзі түршіктірді" - Дәрігерлер анасы пышақтаған қыздың жағдайы туралы Иллюстрациялық сурет: forpost.media

Дәрігерлер анасы пышақтаған 13 жастағы қыздың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды "Алау".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер анасы пышақтаған 13 жастағы қыздың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды "Алау".

Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері міндетін атқарушы Игорь Белобржицкий қыздың шошынғын және қан жоғалтқанын айтады. Қыз бала 8 қаңтарда есін жиған. Сұрақтарға жауап бере алғанымен, есінде ештеңе жоқ. 

"Отажасалды. Ішкі органдардың бүтіндігі қалпына келтірілді. Соққы сәл жоғары жасалғанда, жүрекке тиер еді. Бұдан ауыр жарақаттарды көргенбіз, бірақ, болған жағдайдың өзі бізді, полиция мен адамдарды түршіктірді", - дейді дәрігер. 

Еске салайық, мұның алдында оқиғаның 2018 жылдың 7 қаңтарында болғаны хабарланған. Полицияның мәліметі бойынша, оқиға сағат 16:30 шамасында Қостанайдың Узкоколейная көшесіндегі үйлердің бірінде болған. 

"32 жастағы әйел мас күйінде 13 жастағы қызына ұрсып, оны пышақпен ұрған. Қыз түрлі дене жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", - деген едіведомство өкілдері. 

Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети