08 қазан 2019 | 17:11

БҚО-да 30 үй өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Батыс Қазақстан облысында бірнеше орманды дала өрті болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында бірнеше орманды дала өрті болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Өрттің түтіні облыс орталығынан көрінді. ТЖД қызметкерлері өртті 8 қазанда түскі уақытта сөндіре алды. Өрт салдарынан "Яик" саяжай қауымдастығының 30 үйі өртеніп кеткен. Куәгерлердің айтуынша, бұл жерлерде газ баллондары жарылған. 

Қазіргі уақытта саяжай қауымдастығының тұрғындары келтірілген залалды есептеп жатыр. Олардың үйіне өрт Жайық өзені жағынан келген. Адамдар жел екпіні секундына 20 метрге жеткенін айтады. Алапат өрт қатты жылдамдықпен тараған. 

"Бұл жерде демалу мүмкін болмады. Біз үйді құтқармақ болдық - су септік. Осы жерде екі қабатты үй болған. 30-ға жуық үй өртенді", - дейді саяжай тұрғын.

БҚО ТЖД өкілдері 150 гектар аумақта құрғақ шөптің, бұталардың және орманды массив өртенгенін айтады. Шолпан елдімекенінен 30-ға жуық тұрғын эвакуацияланған. 

"7 қазанда жалпы 40 гектар жерде "Автомобилист", "Арматурщик" және "Яик" саяжай қауымдастықтарында өрт жайылды. 11 адам эвакуацияланды. Өрт 8 қазанда таңертең сөндірілді. 30 саяжай үйі мен шаруашылық құрылыстары өртеніп кетті", - деді БҚО ТЖД басшысы Жасұлан Жұмашев.

Өрт сөндіруге БҚО ТЖД 125 қызметкері, 30 полицей мен орман шаруашылығының 20 маманы жұмылдырылған. Сондай-ақ, өрт сөндіруге өрт сөндіру пойызы өртенген. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети