БҚО-да аудан әкімі үш адам қаза тапқан жол апаты үшін жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да аудан әкімі үш адам қаза тапқан жол апаты үшін жазаланды

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкіміне Орал-Атырау тас жолындағы үш адам қаза тапқан апат үшін сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағамбетовке қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҚО әкімдігінде автожол қауіпсіздігі мәселелері қаралған кеңес өтті. Полиция департаменті бастығының орынбасары Жанболат Жаншин 16 мамырда Орал-Атырау тасжолында болған жол-көлік оқиғасы туралы баяндады.

"Ақжайық ауданындағы Орал-Атырау тасжолының 75-ші шақырымында бір отбасыдан: әкесі, ұлы және немересі қаза тапты. Тағы екі адам жарақат алды. ВАЗ 2113 автокөлігі түнде қараусыз жүрген екі жылқыны қағып кетті", - деді полицей.

БҚО әкімі аудан әкімдеріне республикалық жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қатаң шаралар қабылдау туралы ескерткенін айтты.

"Аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетовке сөгіс жариялаймын. Сондай-ақ, ветеринария басқармасының жұмысы нашар екенін ескертемін. 2020 жылы жанурлармен болған 49 апаттың 43-інде мал иелері анықталмаған. Ветеринария басқармасының басшысына қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі", - деді Ғали Есқалиев.

Айта кетейік, биыл наурызда Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев сөгіс алған болатын. Оған Самара-Шымкент тасжолындағы апат себеп болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети