Батыс Қазақстан облысында Самара - Шымкент тасжолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен Сырым аудандық ІІБ қызметкері облыстық клиникалық ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды "Мой город". Бұл туралы ішкі істер департаментінің өкілдері мәлімдеді.

Осыған дейін дәрігерлер полицейдің ауыр халде жатқаны туралы айтқан еді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шекті.
Оқиға 27 ақпанда таңғы 09:30 шамасында Самара - Шымкент тасжолының 339 шақырымында болған. Жолда ВАЗ-2114 маркалы көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысқан. Жолаушылар автобусымен соқтығысқан автомобиль тізгінінде Сырым аудандық ІІБ қызметкері болған. Автобустың ішінде Өзбекстанның 50 азаматы болған.