© mgorod.kz
Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы болды. Жолаушылар автобусымен соқтығысқан автомобиль тізгінінде полицей болған, - деп хабарлайды "Мой город".
Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы болды. Жолаушылар автобусымен соқтығысқан автомобиль тізгінінде полицей болған, - деп хабарлайды "Мой город".
БҚО ІІД басшынысы орынбасары Талғат Ахаевтың айтуынша, оқиға 27 ақпанда таңғы 09:30 шамасында Самара - Шымкент тасжолының 339 шақырымында болған.
"Жолда ВАЗ-2114 маркалы көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысқан. Жеңіл көліктің тізгінінде Сырым аудандық ІІБ қызметкері болған", - деді Талғат Ахаев.
Жол апатына кімнің кінәлі екені әзірге белгісіз.