06 наурыз 2022 12:36

БҚО-да автотасығыш жыраға аударылып түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында Орал - Атырау автожолында алты көлік тиелген автотасығыш жыраға құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысында Орал - Атырау автожолында алты көлік тиелген автотасығыш жыраға құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл аптадағы осындай екінші жағдай. Полиция департаменті оқиға 5 наурызда сағат шамамен 22.30-да Көшім ауылының маңында болғанын хабарлады.

"Алты жеңіл автокөлік тиелген автотасығыш жүргізушісі көлігін басқара алмай, жыраға аударылып түсті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жүк қана зақымдалған. Оқиға орнында полиция мен ТЖД қызметкерлері жұмыс істеді", - деді ведомство өкілдері.

Полицейлер 5 наурызда сағат 23-тен бастап ауа райының қолайсыздығына және көктайғаққа байланысты Орал-Атырау республикалық тасжолында көлік қозғалысы жабылғанын атап өтті. Сондай-ақ, Орал - Тасқала - РФ шекарасы және Самара - Шымкент тасжолдары жабылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети