БҚО-да әйел адам түрмеге ыстық картоптың ішіне телефон жасырып кіргізбек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да әйел адам түрмеге ыстық картоптың ішіне телефон жасырып кіргізбек болған © pixabay.com

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты РУ-170/1 мекемесіндегі сотталған адамға әйел адам ыстық картоптың ішіне телефон жасырып кіргізбек болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты РУ-170/1 мекемесіндегі сотталған адамға әйел адам ыстық картоптың ішіне телефон жасырып кіргізбек болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, қабылдау және кездесу бөлмесінің қызметкерлері айыпталушылар мен сотталғандардың сәлемдемесін тексеру барысында бес литрлік пластикалық бөтелкенің ішіндегі ыстық картоптың арасына салынған сары скотчқа бірнеше рет оралған Inoi маркалы телефоны анықталып, тәркіленді.


© polisia.kz

Қазіргі таңда телефонды жасырып кіргізбек болған әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-тармағы (қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша әкімшілік іс қозғалып, құжаттар қалалық әкімшілік сотқа жөнелтілген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети