БҚО-да бала қолын арматураға жарақаттап алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры/t.me/mgorod_kz

Батыс Қазақстан облысында баланың қолына арматура тесіп кірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында баланың қолына арматура тесіп кірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 20 маусым күні кешке Теректі ауданы Пойма ауылында болған. Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті "101" нөміріне 12 жасар баланың көмекке мұқтаж екендігі туралы қоңырау түскенін хабарлады. Мұнай өңдеу зауытының аумағында баланың қолына арматура тесіп кірген.

Баланы құтқару үшін арнайы құралдарды қолдануға тура келген. Бір сағатқа жуық уақыттан кейін құтқару жұмыстары аяқталып, бала жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.

"Мой город" құтқару операциясының видеосын жариялады:

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети