БҚО-да балаларды құтқарған азаматтарға сыйлыққа қолшам берілген

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да балаларды құтқарған азаматтарға сыйлыққа қолшам берілген Сурет: mgorod.kz

БҚО-да балаларды құтқарған азаматтарға сыйлыққа қолшам берілген, - деп хабарлайды mgorod.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да балаларды құтқарған азаматтарға сыйлыққа қолшам берілген, - деп хабарлайды mgorod.kz

Оқиға 30 мамырда Бәйтерек ауданы Погодаев ауылында болған. БҚО полиция кинология орталығының инспекторы Ержан Қуанышев суға батып бара жатқан екі баланы құтқарған, біреуі ес-түссіз болған. Тәртіп сақшысы оларға алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Бұл ісі үшін полицей марапатталған.

"Құтқарушылар Департамент бастығының атынан алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, оларды ведомстволық наградамен марапаттау үшін материалдарды уәкілетті органға жібердік", - деді БҚО ТЖД өкілі.

Ержан Қуанышевке алғыс хатпен бірге шағын сыйлық - қолшам табысталған.

Осындай сыйлықты 3 маусымда суға батып бара жатқан баланы құтқарған шыңғырлаулық Денис Липин де алған. 13 жастағы Аманат Қаражанов достарымен бірге Елек өзеніне барып, шомылған кезде суға батып кете жаздаған. Денис көмекке келген. Жігіт баланы судан шығарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети