БҚО-да бастауыш сынып оқушылары зират ескерткіштерін қиратып кеткен

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да бастауыш сынып оқушылары зират ескерткіштерін қиратып кеткен Сурет: ktk.kz

Батыс Қазақстан облысында бастауыш сынып оқушылары зират ескерткіштерін қиратып кеткен, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында бастауыш сынып оқушылары зират ескерткіштерін қиратып кеткен, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Дариға Мәжитованың айтуынша, Бәйтерек ауданы Трекин ауылындағы православ зиратындағы ескерткіш белгілерді қиратқан 1 және 2-сынып оқушылары болып шыққан.

"Қазір олардың саны нақтыланып жатыр. Балаларға қатысты мәселе кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралады", - деді Дариға Мәжитова.

Айта кетейік, БҚО-да белгісіз біреулер бейіттегі ескерткіш белгілерді қиратып кеткен. Олар барлығы 14 белгіні қиратып, бүлдірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети