Батыс Қазақстан облысында тасжолда болған жол апатынан екі баланың анасы қаза тапты, - деп хабарлайды "Уральская неделя".
Батыс Қазақстан облысында тасжолда болған жол апатынан екі баланың анасы қаза тапты, - деп хабарлайды "Уральская неделя".
Әйелмен бірге Renault Duster көлігінде тағы үш адам болған. Жол апаты 24 ақпанда таңғы уақытта болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көлік қызметтік және ол жергілікті тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына тиесілі екен.
"24 ақпанда сағат 6.40-та Renault Duster жүргізушісі жолдың жиегіне аударылып кетті", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы.
Полицияның мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.