БҚО-да дәрі-дәрмек тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да дәрі-дәрмек тиелген көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да дәрі-дәрмек тиелген көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орал-Атырау тасжолында төтенше жағдай болды. 16 қарашада кешке дәрі тиелген көлік өртеніп кеткен. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 16 қарашада түн ортасында БҚО Ақжайық ауданы Самал елді мекені ауданында дәрі тиелген "ГАЗель" автокөлігі өртенген.

"Оқиға өрт сөндіру бекетінен 15 шақырым жерде болған. Жеке кәсіпкерге тиесілі көлікті 21 жастағы жүргізуші басқарған. Көлік газ қондырғысымен жабдықталған. Өрт сағат 1:15-те сөндірілді", - деді БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері, шығын мен кінәлілер анықталып жатыр. Полиция департаменті мәліметінше, өртке қатысты соталды тергеу жүріп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети