БҚО-да екі бала құдыққа құлап, мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да екі бала құдыққа құлап, мерт болды Фото: gorvesti.ru

Батыс Қазақстан облысы Жангелді ауданы Бірлік ауылында қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысы Жангелді ауданы Бірлік ауылында қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 11 тамызда кешке болған. Ауыл тұрғындары құдықтан екі баланың мәйітін алып шыққан. Олар бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментіне хабар берген.

"12 тамызда түнгі сағат 00.20-да 2017 және 2019 жылы туған балалардың құдыққа құлап кеткен туралы хабар түсті. Қайғылы оқиға Жангелді ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты Шошай қыстауында болған. 11 тамызда түскі сағат шамамен 15.00-де ата-ананың қарауынсыз қалған 2 бала тереңдігі 3 метр болатын құдыққа құлап кеткен. Кешкі сағат 18.30-да жергілікті тұрғындар балалардың мәйітін құдықтан алып шыққан", - делінген хабарламада.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама тағайындалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети