Батыс Қазақстан облысында екі көлік бетпе-бет соғысып, салдарынан 4 адам қаза тапты. Жол апаты 26 қарашада шамамен таңғы сағат 8-де болған, - деп жазады "Мой ГОРОД".
Батыс Қазақстан облысында екі көлік бетпе-бет соғысып, салдарынан 4 адам қаза тапты. Жол апаты 26 қарашада шамамен таңғы сағат 8-де болған, - деп жазады "Мой ГОРОД".
БҚО Жергілікті полиция қызметінің басшысы Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, "ВАЗ 2114" пен Volkswagen көліктері Орал-Ақсай тасжолының 68-шақырымында соғысқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, "ВАЗ" жүргізушісі Орал қаласына қарай бара жатып, тасжолдың 68-шақырымында қарсы жолаққа шығып кетіп, Volkswagen жүргізушісімен соғысқан. Нәтижесінде жүргізуші мен "ВАЗ" көлігінің үш жолаушысы оқиға орнында қаза болған. Ал Volkswagen жүргізушісі Теректі ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.