Батыс Қазақстанда газ толтыру станциясы жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап. Оқиға БҚО-дағы Бөрлі ауданының Ақсай қаласының шыға берісінде болған.
Батыс Қазақстанда газ толтыру станциясы жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап. Оқиға БҚО-дағы Бөрлі ауданының Ақсай қаласының шыға берісінде болған.
Төтенше жағдай түстен кейін болған. Куәгерлердің айтуынша, қаладан түтін 14.30-да көріне бастаған, осы кезде өрт енді басталған. Он минут өткен соң түтін үлкен өртке айналған.
"Біз темір жол өткеліне 500 метр жерде тұрдық, себебі полиция жолды жауып тастаған. Алапат өрт болды. Мен газ толтыру бекетіне жедел жәрдем көлігінің келгенін көрдім, дәрігерлер біреуді алып кетті. Олар кетісімен алапат жарылыс болды. Егер олар сәл ғана кідірсе, мерт болар еді", - деді төтенше жағдайдың куәгері Владимир Голоков.
"Сол жерден өткен ер адам қалай басталғанын толығымен көрді. Ол бекетте бензин таситын көлік толтырып жатқан кезде бір зор дыбыс шықты, содан кейін өрт басталды", - дейді екінші куәгер Виталий Слепцов.
Ер адамдардың айтуынша, өрт болған аймақта 200 метр радиуста шөптер мен бұталар өртеніп жатқан көрінеді. Сәлден кейін полиция өрт болған жерден 800 метр қашықтықта жазық жермен көліктерді жібере бастаған.