2 қаңтарда Орал - Атырау тас жолының 98-ші шақырымында Самал ауылының маңында ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
2 қаңтарда Орал - Атырау тас жолының 98-ші шақырымында Самал ауылының маңында ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Volkswagen және KIA Rio маркалы көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тапты. "49 және 56 жастағы екі әйел жедел жәрдем келгенге дейін қайты болды. Қалған бес адам Ақжайық аудандық Орталық ауруханаға жеткізілді. 54 жастағы ер алам ауруханада қайтыс болды. Санавиация арқылы реаниматолог, нейрохирург, травматолог және гинеколог аудандық ауруханаға жеткізілді. 55 жастағы әйел ауруханаға түскен кезде комада болған, оған ота жасалды, алайда аман алып қалу мүмкін болмады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Гүлнар Әбдрахманова.
Тағы екі ер адам (1967 және 1991 жылғы) Ақжайық аудандық ауруханасында жатыр, олардың жағдайы орта деңгейде ауыр деп бағаланады.
Зардап шеккендердің арасында 22 жастағы жүкті әйел болған. Ол жүктіліктің 28-ші айында болған. Қыз бала перинаталдық орталыққа ауыр халде жеткізілді. Кейінірек баланы аман алып қалу мүмкін болмағаны анықталды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметі жол апатына Volkswagen жүргізушісі кінәлі екенін айтады. "Ол жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, алдында келе жатқан КамАЗ-ды озып өтпекші болған. Қашықтықты дұрыс есептей алмаған ол KIA Rio автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан", - деп түсіндірді ведомстводағылар.