БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты Фото: mgorod.kz

БҚО тасжолында жеңіл көлік аударылып, екі адам қаза болды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО тасжолында жеңіл көлік аударылып, екі адам қаза болды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Қайғылы оқиға 7 маусымда сағат 19:15-те Жалпақтал-Чапаево тасжолының 115-шақырымында болған. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 36 жастағы ер адам тізгіндеген Lexus көлігі аударылып кеткен. Жүргізуші алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты.

Сондай-ақ, көлікте 32 жастағы әйел отырған. Ол түрлі дене жарақатымен Жалпақтал ауылының ауруханасына жатқызылды. Алайда сағат 23:55-те есін жимастан қайтыс болған.

Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу амалдары басталған.

Сурет: mgorod.kz сайтынан

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети