БҚО-да жарыстан қайтқан сәйгүліктер жүк көлігінде тірідей өртеніп кетті

26 Мамыр 2017, 15:45
0
БҚО-да жарыстан қайтқан сәйгүліктер жүк көлігінде тірідей өртеніп кетті - youtube.com видеосынан скриншот
youtube.com видеосынан скриншот

Батыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірінде жылқы тиелген жүк көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлайды "Мой Город". Жүк көлігінде қанша сәйгүлік болғаны белгісіз, алайда, видеоны түсірушілердің сөзіне қарағанда төрт сәйгүлік тірідей үйітіліп қалған.  

Төтенше жағдай 25 мамырда Жаңақала тасжолында болған. Батыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аталған дерек қайғылы оқиға ретінде тіркелген және оны аудандық ІІБ қызметкерлері тергеп жатыр.

Жүк көлігінің кабинасы жүріп келе жатып өртенген, осы кезде кузовта бірнеше жылқы болған. Олар көлікпен бірге тірідей өртеніп кеткен. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. 

Видеодағы адамның сөзінше, жүк көлігі сәйгүліктерді жарыстан кейін алып келе жатқан. 

Психиксы нашар адамдарға көрмеуге кеңес береміз!


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай