26 ақпан 2021 10:20

БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-дағы Атырау-Орал тасжолында жол апатынан төрт адам қаза тапты. Тағы алты адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


БҚО-дағы Атырау-Орал тасжолында жол апатынан төрт адам қаза тапты. Тағы алты адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көліктердің бірінің жүргізушісі полиция тыйым салғанына қарамастан жабық жолға шыққан такси жүргізушісі екен. Дәл осы тасжолда бір апта бұрын басқа жол апатынан алты адам қайтыс болды.

Хабарламада екі Toyota Camry көлігі соғысып қалғаны жазылған.

"26 ақпанда сағат 03.29-да Атамекен ауылынан 10 шақырым жердегі Атырау-Орал тасжолында 1987 жылғы және 1991 жылғы жүргізуші басқарған екі көлік соқтығысты. Екі көліктегі төрт жолаушы оқиға болған жерде көз жұмып, алты адам Тайпақ кентіндегі ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады БҚО ТЖД өкілдері.

БҚО ПД баспасөз қызметі көліктердің бірінде такси жүргізушісі болғанын және полиция қызметкерлерінің жабық трассаға шықпау туралы талабына бағынбағанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін 22 ақпанда БҚО-дағы осы тасжолда жол-көлік оқиғасы болғаны хабарланған еді. Онда алты адам қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети