БҚО-да жол апатынан әкімдік қызметкері қаза тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да жол апатынан әкімдік қызметкері қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 35 жастағы қызметкері жол апатынан қаза тапты. Қызметтік көлік жолда аударылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 35 жастағы қызметкері жол апатынан қаза тапты. Қызметтік көлік жолда аударылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті Орал-Шыңғырлау тас жолындағы апат 4 тамызда болғанын хабарлады.

"Апат салдарынан "Нива" автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Жүргізуші жарақат алды. Қазіргі уақытта факт бойынша ҚР Қ-ның 345-бабы ("Жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарын басқаратын адамдардың көлік құралдарын пайдалану") бойынша соталды тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді БҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Тимур Майранов.

 БҚО Шыңғырлау ауданы әкімдігі мәліметінше, қаза тапқан Жұлдыз Ахмерова Құрылыс және сәулет бөлімінде жұмыс істеген.

"Бөлім мамандары қызмет көлігімен Ақшат ауылына бара жатқан. Ол Шыңғырлаудан 72 шақырым жерде орналасқан. Тұрғындар өтініші бойынша учаскелерді өлшеу қажет болды. Рульде көлік жүргізуден тәжірибесі көп бас маман отырған. Белгісіз себептермен көлік аударылып кетті. Техникалық қызметкер болған 35 жастағы әйел қаза болды. Оның артында жұбайы мен үш баласы қалды", - деді БҚО Шыңғырлау ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова.

Аудандық әкімдікте марқұмның отбасына қажетті материалдық көмек көрсетілгенін айтты. Әйел 5 тамызда жерленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети