БҚО-да жол апатынан алты оқушы зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да жол апатынан алты оқушы зардап шекті Иллюстрациялық сурет

Батыс Қазақстан облысында Жаңақала ауылында 20 сәуірде жол апаты салдарынан 6 оқушы зардап шекті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" .

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында Жаңақала ауылында 20 сәуірде жол апаты салдарынан 6 оқушы зардап шекті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" .

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Чапаев-Сайхин" тасжолының 121-шақырымында "Лада Ларгус" автокөлігіндің тізгінінде болған 11-сынып оқушысы, көлікті тізгінге ие бола алмай авто аударылған. 

"Көлік тізгінінде БҚО Жаңақала ауданы Жаңақала ауылындағы № 3 орта мектептің оқушысы болған. Сонымен қатар, көлікте осы мектептің 11-сыныптың бес оқушысы болған. Оқушы атасынан көліктің кілтін сұрап алып, сыныптастарымен бірге бәйшешек теруге кеткен. Қайтар жолда жол апаты болған, соның салдарынан оқушылар әр түрлі дене жарақатын алған. Оқушы қыздың бірі ауруханаға жеткізілді", - деп түсіндірді ведомство өкілдері. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша іс қозғалған. 

Полиция департаментінің баспасөз қызметі көлік тізгінінде болған жасөспірімнің әкесі ішкі істер министрлігінде қызмет еткен зейнеткер екенін растады. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері жедел жәрдем қызметінің кезекші пультіне 19:20-да хабар түскені туралы хабарлады. 

"2002 жылғы қыз балаға медициналық көмек қажет болды. Ол Жаңақала орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Түнде қаладан санавиация шақырылды, нейрохирург, хирург, реаниматологтар келіп, қызға ота жасады. Зардап шеккен оқушы қыздың жағдайы - аса ауыр халде", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети