БҚО-да жүк көліктері соқтығысып, екі жүргізуші қаза болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да жүк көліктері соқтығысып, екі жүргізуші қаза болды

Батыс Қазақстан облысындағы Самара-Шымкент республикалық тасжолында екі жүк көлігі соқтығысты. Апат салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысындағы Самара-Шымкент республикалық тасжолында екі жүк көлігі соқтығысты. Апат салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті мәліметінше, 10 наурызда сағат 17.15 шамасында Самара-Шымкент тасжолында Сырым ауданы, Алғабас ауылына жақын жерде КамАЗ және DAF көліктері соқтығысқан.

"Соқтығыс салдарынан DAF көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Құтқару жұмыстары кезінде КамАЗ-дағы 35 жастағы жүргізуші есін жимастан қаза болды. Біраз уақыттан кейін ВАЗ 2115 көлігі тасжолда тұрған КамАЗ көлігіне соғылып, 21 жастағы көлік жүргізушісі мен 52 және 36 жастағы екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", - деді полициядағылар.

Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша соталды тергеу басталып, бірқатар сараптамалар тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети