БҚО-да қаңғыбас иттер 50 қойға шапқан

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon 520 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: uralskweek.kz Фото: uralskweek.kz

Батыс Қазақстан облысында қаңғыбас иттер 50 қойға шапқан, - деп хабарлайды "Уральская неделя".

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында қаңғыбас иттер 50 қойға шапқан, - деп хабарлайды "Уральская неделя".

Оқиға 26 сәуірде түнде Сырым ауданы Жымпиты ауылында болған. Үй иесі Батырбек Жұбанғалиевтің айтуынша, шабуыл нәтижесінде 50-ге жуық қой қырылған.

"Таңертең қой қорадан мал шығару үшін көшеге шықтым. Барғанда қан-жоса қойларды көрді. Шошып кеттім. Қой да, қозы да қырылған", - деді Батырбек Жұбанғалиев.

Жұбанғалиевтің шаруашылығында барлығы 100-ге жуық қой болған, тек жартысы аман қалған. Оның айтуынша, қаңғыбас иттер малға бірінші рет шауып тұрған жоқ. Биыл 8 наурызда қаңғыбас иттер оның фермасындағы 12 қойға шабуыл жасаған. Оның айтуынша, қаңғыбас иттер тауықтарға күнде шабуыл жасайды.

"Қаңғыбас иттер көп. Әкімдік атылатынын айтады, бірақ саны азаймай тұр. Мал - жалғыз табыс көзіміз. Мемлекеттен ештеңе сұрамаймыз, өз-өзімізді қамтамасыз етеміз. Төрт балам бар, оларды тамақтандыруым керек. Енді не істеймін? Кімге жүгінемін? Бұлай жалғаса берсе, болмайды ғой. Қазір бәрі қымбат: шөп пен жемге күніне 4 мың теңге жұмсаймын. Отбасын асырау үшін ұнды қабымен сатып аламыз, қазір ол 12 мың теңге тұрады. Нан қымбат, бір бөлкесі 200 теңге, сондықтан өзіміз пісіруге тырысамыз", - деді ол.

Батырбек Жұбанғалиев қой шығынын 3 миллион теңгеге бағалайды. Ол қаңғыбас иттерді атуға, зарарсыздандыруға, чиптеуге және атуға жауапты адамдардан келтірілген залалды өтеуді талап етеді.

Басылым мәліметінше, Сырым ауданының әкімдігі қаңғыбас иттерге қатысты проблеманы біледі. Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қаңғыбас иттерге қарсы күрес жұмыстары бүгінгі күнге дейін жүргізіліп жатқанын айтты.

"Жымпитының өзінде биыл жыл басынан бері тұрғындардың шағымдары бойынша 140-қа жуық ит жойылды. Тұрғындары бізге хабарласады. Көптеген жұмыс атқарылып жатыр, бірақ, өкінішке қарай, түнде тағы да иттер малға шабуыл жасады", - дейді аудан әкімі Төреғалиев.

Жымпитыда 1500 үйде 6 мыңға жуық адам тұрады, олардың жартысынан көбі мал ұстайды. Әкім табиғи апат болғанын, төтенше жағдай режимі жарияланған жағдайда заңмен залалды өтеу қарастырылғанын атап өтті. Бірақ Жұбанғалиевке қатысты жағдайда материалдық шығынды өтеу заң бойынша қарастырылмаған.

Сырым аудандық ветстанция бастығының міндетін атқарушы Армат Жүралиев бүгінде ауылдағы барлық қаңғыбас итті жою мүмкін емес екенін айтты.

"Бізде пневматикалық қару ұстайтын бір маман бар, ол арқылы қаңғыбас иттерді ату ыңғайсыз. Аңшылық қарудан иттерді атуға тыйым салынады. Мүмкіндігінше қаңғыбас жануарларды жоямыз, дегенмен бұған тыйым салатын заң бар. Бірақ ауыл тұрғындарынан шағымдар түсіп жатыр. Бізге аудандағы 12 округ кіреді. Әр аудандағы қаңғыбас жануарларға қатысты шағым түсіп жатады, сондықтан бізде уақыт жоқ", – дейді Армат Жүралиев.

Ветеринардың айтуынша, қаңғыбас иттердің көбеюіне адамдардың өздері кінәлі.

"Қаңғыбас иттердің иелері бар. Адам осындай жауапкершілікті өз мойнына алса, ит асыраса, толық жауапкершілікті алуы керек. Үй жануарларын ұстау ережелері бар. Көбісі осы ережелерге, жануарларға немқұрайды қарайды. Итке қамқорлық керек, оларды асырау керек. Тұрғындар үшін бұл қиын болуы мүмкін, сондықтан олар иттерді босатып жібереді. Олар аш, оларға тамақ керек. Бұл иттер қоқыс қазып, қоқыс іздейді, таппаса, ұсақ малға шабуыл жасайды. Адамдар үй жануарларына жауапкершілікпен қараса, қаңғыбас иттер болмас еді", - дейді Жүралиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course down  588.21  course down  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
12°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю