БҚО-да кеншілер жаппай уланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да кеншілер жаппай уланды

БҚО-да мұнай-газ кен орнын игерушілер жаппай уланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да мұнай-газ кен орнын игерушілер жаппай уланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Қарашығанақ мұнай-газ кен орнын игерумен айналысатын компания қызметкерлері жаппай уланғаны туралы ақпарат пайда болды. Денсаулық сақтау басқармасы алты адамның тамақтан уланғанын және ауруханаға жатқызылғанын растады.

Топтардың бірінде адамдардың жағдайы ауыр екені хабарланған.

"Қосалқы мердігерлік ұйым қызметкерлері жаппай уланды. Адамдар ауруханада, жағдайы ауыр. Олардың кейбіреуі жансақтау бөлімінде жатыр", - делінген жазбада.

Денсаулық сақтау басқармасы 12 мамырда Бөрлі аудандық ауруханасына бес науқас түскенін атап өтті. Келесі күні тағы бір адам ауруханаға жатқызылан.

"Диагнозы - тамақтан интоксикация. Қабылдау кезінде екі науқастың жағдайы ауыр болды. Олар жансақтау бөліміне жатқызылды. Келесі күні жағдайы жақсарған пациенттердің бірі медицина мекемесінің жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Екіншісі 14 мамырда ауыстырылды. Қалған үш науқас ауруханаға орташа ауыр жағдайда жеткізілді. Олар ем алып жатыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

БҚО Бөрлі ауданының әкімдігі бұл дерек бойынша тексеру тағайындалғанын атап өтті. Оны аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі жүргізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети