БҚО-да қыз алып қашқандар жол апатына түсті. 4 адам жансақтауда жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 1903 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды. Көлік жол шетінен шыққан үш жылқыға соғылған. Қазір төрт адам жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды. Көлік жол шетінен шыққан үш жылқыға соғылған. Қазір төрт адам жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апат туралы облыстық Полиция департаментінде өткен брифингте мәлім болды. 30 тамызда сағат 22:30 шамасында Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тасжолының 27-шақырымында Пугачево ауылы маңында Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі үш жылқыны қағып кеткен.

"Зардап шеккендердің айтуынша, олар Оралдан Ақсайға қыз алып қашып келе жатқан. Олар реанимацияда жатыр, бұл оқиға бойынша толық ақпарат бере алмаймыз", - деді БҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.

Денсаулық сақтау басқармасы апат салдарынан екі көліктегі 11 адам зардап шеккенін айтты.

"Жиырма жастағы қызға бассүйек-ми жабық жарақаты, гемоторакс диагнозы қойылды. Сондай-ақ, 18 және 19 жастағы қыздар мен 18 жастағы жігіт жараланған. Олар Бөрлі облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Ал, 22 жастағы ер адам басынан жарақат алған, мойын омыртқасы сынған. Хирургия бөлімінде қалғандары жатыр, зардап шегушілер амбулаторлық бақылауға жіберілді", - деді департамент өкілі.

Полиция бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы немесе көлік құралдарын пайдалануы" бойынша соталды тергеу басталғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
22°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю