БҚО-да оқушы оқ жарақатын алған: сот үкім шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да оқушы оқ жарақатын алған: сот үкім шығарды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық аудандық соты аң аулауға шығып, оқ жарақатын алған оқушының ісін қарауды аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық аудандық соты аң аулауға шығып, оқ жарақатын алған оқушының ісін қарауды аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Сот алдында зардап шеккен жасөспірімнің 30 жастағы көршісі Владимир Липатов жауап берді. Оған Қылмыстық кодекстің 114-бабы 3-бөлігінде "Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру" бойынша қылмыс жасады деген айып тағылды. Айыпталушы кінәсін мойындамады, оның айтуынша, ол қоянды атқан.

Сейсенбіде сот оны "кінәлі деп танып, алты айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік жүйесінде өтейді".

"Сонымен қатар, кінәлі материалдық шығын үшін 2 289 407 теңге және моральдық шығын үшін бес миллион теңге төлеуі тиіс", - делінген материалда.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети