25 сәуір 2018 09:39

БҚО-да өткен жылы жоғалған ер адам өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© azh.kz © azh.kz

Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 18 қарашада жоғалып кеткен 33 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, - деп жазады "Мой ГОРОД".


Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 18 қарашада жоғалып кеткен 33 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, - деп жазады "Мой ГОРОД".

Казталовка ауданындағы Талдықұдық ауылдық округінің тұрғыны өз көлігімен мал іздеп шыққан, алайда қайтып оралмаған. Оның денесі 22 сәуірде Талдықұдық ауылынан бес-алты шақырым жердегі Киров-Шыжын арнасынан табылды. 

24 сәуірде жерлеу рәсімі болды. Ол жоғалып кеткен уақытта, іздеу шаралары жүргізілді. Бір ай өткеннен кейін ол тоқтатылды. Іздеу шараларына тек ауыл тұрғындары емес, сүңгуірлер де жұмылдырылған еді", - деді Казталов ауданы әкімдігінің өкілі Жандос Дүйсенғалиев. 

"Ол суға батқан болуы мүмкін", - дейді шенеунік. 

Басылым мәліметінше, ер адамның денесін тым көп уақыт өткеніне байланысты Оралдағы сот-медициналық сараптамаға жіберу мүмкін болмаған. Сараптама сол жерде жүргізілген, қорытындысы әзірше белгісіз. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети