Батыс Қазақстан облысы Зеленовский ауданындағы Перемет ауылында бөгетті су шайып кетті, - деп хабарлайды "Мой город".
Батыс Қазақстан облысы Зеленовский ауданындағы Перемет ауылында бөгетті су шайып кетті, - деп хабарлайды "Мой город".
БАҚ мәліметінше, ол өткен жылы жөндеуден өткен. Куәгерлер оқиғаның видеосын түсіріп алды.
Өткен жылы жөндеу жүргізген мердігерлер кепілдеме аясында бөгетті қайта жөндеп беретінін айтқан.
"Биыл қар қалың түсті. Қардың еруінен су көтерілгеннен кейін бөгетті шайып кетті. Мердігерлер кепілдеме міндетін аясында барлығын қайта қалпына келтіреді. Сонымен қатар, облыс әкімі Алтай Көлгінов жобалаушыларды жауапқа тартуды тапсырды. Айта кетейік, ауданға қажетті су мөлшері жиналған", - деді БҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Зеленовский ауданындағы бөгетте құрылыс және нығайту жұмыстары 2017 жылы жүргізілген. Техникалық суды жақын маңдағы Переметті, Полевой, Қаражар және Зеленый ауылдарын қолданады деп жоспарланған.