Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

БҚО-да полицей взвод командирін атып өлтірді 06 қыркүйек 2018, 22:22

БҚО-да аудандық ІІБ ауласында взвод командирін атып өлтірді, - дер хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

БҚО-да аудандық ІІБ ауласында взвод командирін атып өлтірді, - дер хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай Ақжайық аудандық ІІБ ауласында 6 қыркүйекте сағат шамамен 16.30-да болған. 

Облыстық ІІД өкілдерінің хабарына қарағанда, ІІБ территриясында ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 2-батальонының полиция сержанты (1994 жылғы) табель қаруымен ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 2-батальонының взвод командирін (1986 жылғы) атып өлтірген. Ол алған жарақатынан қаза тапты.  

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталу үстінде.


© mgorod.kz

Оқиға аудандық кіші істер бөлімінің ауласында болды. Полицей өз басшысы - взвод командирін атып өлтірді. Тергеу басталды. Күдікті ұсталды. Қазіргі уақыттағы хабар осы", - деп хабарлады Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов.

"Шақырту 16.32-де түсті. Жедел жәрдем оқиға орнына төрт минут өткенде келді. Алайда оқ жарақатын алған ер адам дәрігерлер келгенше жан тапсырды", - деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.


Join Telegram