БҚО-да тағы бір ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да тағы бір ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары табылды Иллюстрация:depositphotos.com

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттар табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттар табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті ақпаратты растады.

"Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті уәкілетті органдармен бірлесіп, Жәнібек ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының бөліктеріне ұқсас заттарды табу дерегі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Нысан елді мекендерден алыс жерде табылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп жазылған облыс полициясының хабарламасында.

Еске салайық, бұл - БҚО аумағына ұшқышсыз ұшу аппараты құлаған төртінші жағдай. 18 наурызда Тасқала ауданында үш метрлік құрылғы құлады. Ал 18 ақпанда Бөкей ордасы ауданының Ұялы кентінде осындай оқиға болды. Полиция соңғы оқиғаны 24 наурызда растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети