БҚО-да ұшқышсыз ұшу аппараты құлады. СІМ не дейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да ұшқышсыз ұшу аппараты құлады. СІМ не дейді? Фото: uralskweek.kz

СІМ бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Батыс Қазақстан облысына ұшқышсыз ұшу аппараты құлауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

СІМ бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Батыс Қазақстан облысына ұшқышсыз ұшу аппараты құлауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс дәлізінде журналистер министрлік өкілінен Қазақстанға құлаған дрон кімге тиесілі екені жөнінде ведомствода ақпарат бар-жоғын сұрады. Рахметуллин министрлік кейінірек ресми мәлімдеме жасайтынын жеткізді.

"Мәлімдеме жасалады, бірақ қазір аппарат қайдан ұшып келгені, кімдікі екені туралы ақпарат жоқ. Тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл кімнің дрон екені, оны кім іске қосқаны туралы ақпарат пайда болғанда нақты шешімдер қабылдаймыз", - деді министрдің орынбасары.

Мәжіліске сыртқы істер министрінің тағы бір орынбасары Әлібек Қуантыров қатысты. Ол Батыс Қазақстан облысында табылған дрон бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын растады.

"Құзыретті органдар анықтасын. Содан кейін бәрі түсінікті болады", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети